Егер сақтандыру қызметтеріндегі трендтер туралы айтатын болсақ, онда ол P2P-сақтандыру, on-demand insurance, телемедицина және телематика, агрегаторлар мен маркетплейстер. Негізінде иншуртехте қазір сақтандыру төлемдерін оңтайландырумен, клиенттермен автоматты түрде қарым-қатынас жасау үшін нейрожүйемен әзірлеумен, блокчейнмен айналысады.
Сақтандырудың ресейлік нарығы бұл үдерістерден артта қалып барады, деп «Проминстрах» СК бас директорының құқықтық мәселелері жөніндегі кеңесшісі (РФ) Валерий Курганов есептейді. Ресейдің Орталық банкінің мәліметтері бойынша интернет арқылы жасалған шарттар бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2017 жылғы бірінші тоқсанындағы сыйлықақылардың жалпы көлемінен 1,2 пайызды құрады. Алайда көптеген технологиялық компанияларда е-сатылымдар 20-30% деңгейіне жетіп отыр.
Сарапшының сөзінше, тұтынушылар үшін сақтандыру полисін тек қана онлайн-сатып алу ыңғайлы емес, сонымен қатар сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда төлемдерді реттеу де тиімді. Сондай-ақ, «ақылды» автокаско, мүлікті телематикамен сақтандыру («ақылды» үй), телемедицинамен ДМС бағдарламалары, әр түрлі дәрігерлерде онлайн-кеңес алу мүмкіндігі сияқты жаңа өнімдер пайда болды. Блокчейн негізіндегі шешімдер сақтандырушыларға сақтанушының жеке деректерін – полистерді ресімдеу кезінде де, сақтандыру оқиғаларымен жұмыс істеу кезінде де – тексеруге мүмкіндік береді, яғни алаяқтықтан шығынға ұшырауды төмендетуге жұмыс істеу. Клиенттермен өзара әрекеттесу үрдісі толықтай цифрлық ортаға ауысып кетуі мүмкін, деп есептейді Курганов мырза. Клиентке компанияның кеңсесіне барып, қағаздарды тасып, сақтандыру оқиғасын түрлі анықтамалармен растаудың қажеті болмайды, бұның барлығы сақтандырушылардың билігіне өтеді. Бұл үшін тек технологиялар қажет. Бұл көптеген ұйымдар арасында, оның ішінде бюджеттік ұйымдар арасындағы онлайн-құжат айналымын көздеп отыр. Шығынның мөлшері де әр түрлі факторлардың үлкен саны бойынша автоматты түрде есептеледі.
Әлемде төлеу скоррингі үшін шешімдер қызмет етуде. Мысалы, CynoClaim сервисі: оның жасап шығарушысы шығындарды 50%-ға дейін үнемдеуді, клиенттердің қанағаттану деңгейінің 40%-ға өсуін қарастырады. Сонымен қатар қажет болған жағдайда, сақтандыру өнімдерін қосуға, шығарып тастауға болады, on-demand insurance деп аталады. Үйіңізден кететін кезде, смартфоныңызда қосымшасында тиісті батырманы басып қойсаңыз, сіздің үйіңіз ұрылардан сақтандырылады.
Дереккөзі: https://hightech.fm/2018/06/05/smart
Фотосуреттер insurancebusinessmag.com. www.fluxtrends.com/insurtech/ сайттарынан алынды.